деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алматы менің қалам» жинағы қала тарихына, оның алғашқы жылдардағы өркендеуіне үлес қосқан адамдарға арналған. Онда Алматының соғыстан кейінгі жылдардағы көрінісі, автордың өзі куә болған өзгерістер келтірілген. Кітапта Верный қаласының құрылуынан бастап 1980-ші жылдарға дейінгі кезеңі қамтылған. Кітапта естеліктермен қатар ескі тарихи суреттер бар. Екінші кітапта аттары қала көшелеріне берілген тұлғалар жайында баяндалады. Онда қала көшелерінің ескі атаулары, қазіргі жаңа атау иелерінің өмірлері туралы естеліктер берілген. Автордың айтуынша, екі кітап та өзінің өмір бойы жинаған деректері негізінде жазылған. Белгілі ғалым Сырым Бөкейхановтың бұған дейін орыс тілінде «Біздің балалық шақтың көшелері», «Фудзиге қарағанда», «Туған қаламды ауыстырмаймын», «Өткенді ұмытуға болмайды» кітаптары жарық көрген болатын.