Алматы тәртіп сақшылары қалта ұрыларының ізіне түсіп, ұрлау әдістерін зерттеген

None
АЛМАТЫ. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматы тәртіп сақшылары қалта ұрыларының ізіне түсіп, ұрлау әдістерін зерттеген. Олардың үшеуі қылмыстық тәжірибеге бай екендігі анықталды, деп мәлімдеді қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Жедел уәкілдер қалта ұрыларының ізіне түсу арқылы олардың ұрлау әдістерін, қылмыстың ізін тез арада жасыру тәсілдерін мұқият зерттеген. Жедел уәкілдер мұндай ұрылар, негізінен адамдар көп шоғырланатын жерлерде әрекет ететінін жасырмайды.

«Дәлірек айтсақ, олар - қоғамдық көлік аялдамалары мен автобустарда, базарлар, тіпті арнайы мамандандырылған күзет қызметі бар ірі сауда үйлерінде де кездесіп жатады. Негізінен, сауда үйлерінде әрекет ететін қалта ұрыларының басым көпшілігі өрт кезінде қарастырылған шығу жолдары секілді түрлі мүмкіндіктерді пайдаланып, із жасырып кетеді. Мұндай қылмыскерлердің бет пердесін ашу үшін біздің бөлімшенің қызметкерлерімен арнайы операциялар мен жоспарлар талқыланып, оны өз уақытында іске асырудың нәтижесінде ұрыларды көбінесе қылмыс үстінде қолға түсіруге мүмкіндік туады»,- деп ұрлық түрінің өзіндік өзгешеліктерін тарқата айтты Алматы қаласының ІІД Криминалды полиция Басқармасы мүліктік қылмыстарды ашу бөлімінің бастығы Арсен Баймуханбетов.

Жуырда ашылған төрт пәтер ұрлығының екеуін әшкерелеу оқиға болған орынға жақын маңда жүрген полицияның учаскелік уәкілдерінің еншісіне тиген.