Алматы-Ташкент автожолында екі автобустың соқтығысуынан 4 адам зардап шекті - ТЖМ

АСТАНА. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Жамбыл ауданында екі автобустың соқтығысуы салдарынан 4 адам зардап шекті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 «Мерседес» және «Сетра» үлгісіндегі автобустардың соқтығысуы кеше Алматы-Ташкент автожолының 543-ші шақырымында сағат 05.00 минутта орын алды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Мерседестің» жүргізушісі мен оның 3 жолаушысы ауруханаға жеткізілді.