ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тараз қаласынан Алматыға бет алған қаларалық автобус жол-көлік апатына автожолдың 381-ші шақырымында ұшыраған. Алты жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
09:06, 05 Ақпан 2010
«Алматы-Ташкент» автожолында салонында 14 жолаушысы бар микроавтобус аударылды
АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы «Алматы-Ташкент» автожолында салонында 14 жолаушысы бар шағын автобус аударылды, адам шығыны жоқ.