Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, бүгін, таңертеңгі сағат 5-те Жамбыл облысы Меркі ауданындағы Аспара ауылының маңынан өтетін «Алматы-Ташкент» автожолының 339-шы шақырымында, Шымкент - Алматы бағытымен жүріп келе жатқан, ішінде 51 жолаушысы бар «Мерседес» автобусы мен «Коба» жүк көлігі соқтығысқан. Жүк көлігі жүргізушілерінің тұлғалары әлі анықталған жоқ.
ТЖМ-нан анықтағандай, соқтығысу салдарынан екі көліктің жануы болған. Алдын ала мәліметтер бойынша жол-көлік оқиғасында 13 адам мерт болды, тағы 5 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. 22 азаматқа алғашқы медициналық жәрдем көрсетілді.
Отқа оранған көліктер Жамбыл облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 9 адамы мен 1 техникасының күшімен 1 сағат 15 минуттан кейін сөндірілді.