деп хабарлады облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.
Республикалық маңызы бар Алматы-Ташкент күре жолының 536-593 шақырымдарының учаскесінде қозғалысқа тыйым салу бойынша бірлескен шешімді облыстық ІІД-нің жол полициясы басқармасы, Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департаменті және облыстық ТЖД ауа райы жағдайының күрт нашарлауы, қардың түсуі, оңтүстік-батыстан соққан 12-20 м/с жел, нашар көрінушілік салдарынан қабылдады.
Бұдан басқа, Б.Момышұлы ауданы орталығы мен Қошқар ата ауылын қосатын жолды қар басып, ондағы қозғалыс тоқтап қалды.
Облыстық ТЖД түсіндіргендей, көліктер аялдамаларының барлық учаскелерінде жылыту және тамақ ішу орындары бар. Елді мекендерден тыс жерлерде көліктердің шоғырлануы байқалмайды, адамдардың өмірлері мен денсаулықтарына қауіп төнген жоқ.
Көліктердің қозғалысын жол полициясының патрулі бақылауда. Арнайы жол техникасы жолдарды тазарту және себу бойынша жұмыстарды атқару үстінде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.