Алматы-Ташкент тас жолында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып қалды

АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат - Алматы-Ташкент жолының 153-ші шақырымында, Жамбыл облысы Қордай ауданының тұсында кеше, шілденің 8-і күні сағат 23.40-та «Мерседес» автобусының жүргізушісі «БМВ» автокөлігімен соқтығысып қалды


Оқиға салдарынан  «БМВ» көлігінің    37 жастағы жүргізушісі мен        жолаушы әйел, тұлғасы әзірге анықталған жоқ,    оқиға орнында көз жұмды.  Тағы екі жолаушы -  41 жастағы  ер азамат  пен 10 жасар   бала    ауруханаға    түсті,  деп   хабарлайды ҚазАқпарат  Төтенше жағдайлар  министрлігінің  баспасөз қызметіне  сілтеме  жасап.