«Алматы-Ташкент-Термез» күре жолының бойында жөндеу жүріп жатуына байланысты қозғалыс шектелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Алматы-Ташкент-Термез» күре жолының Жаңақұрылыс ауылынан Үңгіртас ауылына дейінгі аралығында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы ҚазАқпарат Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық оператордың хабарлауынша, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатуына байланысты барлық көлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

«Қозғалыс Тарғап және Самса елді-мекендері арқылы өтетін жолдармен жүзеге асырылуда»,-делінген хабарламада.