Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Әскери бөлім Тараз-Алматы бағыты бойынша теміржол бойының оң жағында, оңтүстік жақтан шамамен 250-300 метр қашықтықта орналасқан. Тасжол бойында «Тау Дос» және «Отырар» қызмет көрсету нысандары орналасқан.
Қазіргі уақытта қозғалыс автокөліктің барлық түрлері үшін Тараз қаласы жағынан 505 км және Ақшолақ кенті жағынан 474 км (Жібек жолына бұрылыс) жабылды.
«Қозғалыс жергілікті маңызы бар Тараз-Сарыкемер автожолы арқылы жүзеге асырылуда»,-делінген хабарламада.