Алматы тау бөктерінде «Mountain Rage» экстремалды веложарыс өтуде

None
АЛМАТЫ. 12 қазан. ҚазАқпарат - Осы демалыстарда Алматы маңындағы «Ақ-Бұлақ» тау курортында Солдат шатқалында «Mountain Rage» экстремалды веложарысы өтуде, деп хабарлады жарысты ұйымдастыру бойынша комитеттің баспасөз қызметінен.

Бағдарлама бірнеше тәртіп бойынша: DHI (таудан шапшаң түсу - ҚР чемпионаты); XCEN (Cross Country Eliminator (қарғып өту бойынша айналма жарыс, XCE), Cross Country Night Race (тау жарысы, түнгі жарыс, XCN) - Алматы чемпионаты); «Apple Race» («алма жарысы» - Алматы чемпионаты) өткізілмек.

«Алма жарысы» биыл 11-рет өтуде. Маунтинбайк әйуесқойлары мұндай жарысты алғаш рет 2003 жылы Көк төбеде өткізген. Одан кейінгі жарыстар әуесқойларға да, кәсіби спортшыларға да арналып, әр жылдары Алматы төңірегінде және қаланың өзінде өткізілді

Жарыс мақсаттарының бірі - жастар ісіне және салауатты, белсенді өмір сүру салтын ұстану мәселелеріне мемлекет және БАҚ назарын аудару. Жарыстарға бастамашысы әрі ұйымдастырушысы - «RedBull» компаниясы, «Экстремалды атлетика» ОО жарысты басқарып, басынан аяғына дейін өткізеді, ал Алматы қаласы велоспорт қауымдастығы спортшыларға төрешілік етеді.