Таудан табылған Әлия Қамиева төтенше жағдайлар кызметінің бригадасымен №7 қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне жеткізілді.
«Реанимацияда мультидисциплинарлық топ жан-жақты тексеріп қарады, барлық қажетті зертханалық-диагностикалық зерттеуді жүргізілді. Түскен кездегі жағдайы ауыр, сөйлей алмайды. Әрі қарай бақылау және емдеу үшін анестезиология, қарқынды терапия және реанимация бөлімшесіне жатқызылды»,-деп хабарлады Алматы қоғамдық денс аулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Бұған дейін, турист қызды таудан түсіру үшін тікұшақ жіберілгенін жазған болатынбыз.
Еске салайық, 31 жастағы Әлия Қамиева 5 шілдеде үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Оның анасы 7 шілде күні құтқарушыларға жүгінді.
Куәгерлер алматылық қызды соңғы рет Үлкен Алматы көлінің маңынан көрген.
Іздестіру-құтқару жұмысына құтқарушылардың максималды күш-құралдары жіберілді.
Атап айтар болсақ, республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері кинологиялық есептер, «109» құтқару қызметі, 75 волонтер атсалысты.