АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының құтқарушылары тауға шығатын туристерді, дайындықсыз жорықтар қауіп-қатерге толы екенін ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«109» қызметінің мәліметінше, өткен жұма күні құтқарушылар тауда жарақат алған екі бойжеткенді құтқарды. Бір күнде екі жағдай тіркелген.
«7 тамыз күні түскі уақытта Көкжайлау ауданында 16 жастағы қыз құтқарылды. Ол таудан төмен қарай түсіп келе жатқан кезде тепе-теңдікті жоғалтып, қол-аяғын жарақаттап алған. Сол күні кешке «109» құтқару қызметіне тағы 18 жастағы бір қыз хабарласты. Ол «Мыңжылқы» стансасында жарақат алған», - делінген құтқару қызметінің хабарламасында.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.