«26 тамызда 16.09-да Алматыда республикалық жедел-құтқару жасағына Үлкен Алматы көлі аумағындағы шыңда екі қыздың жоғалғандығы туралы қоңырау шалынған.
Сағат 16.24-те республикалық жедел-құтқару жасағының тобы, ішінде кинологтар да бар әлгілерді іздеу үшін оқиға орнына шұғыл аттанды.
Сағат 18.06-да туристер табылып, оларды таудан түсіру жұмыстары басталды. Арада 50 минут өткенде шетелдіктер қауіпсіз жерге жеткізілді»,-деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Испания азаматшаларын көліктеріне дейін апарған, оларға медициналық көмектің қажеті де болған жоқ.