Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, күннің жылынуына байланысты таулы жерлерде қар көшкіні жүруі мүмкін.
«Жылымықтын әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуына және жауын-шашынның күтілуіне байланысты Кіші және Үлкен Алматы (2300 метр биіктігінен жоғары аумақта) өзендері су алабында 13-16 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады»,– деп хабарлады ведомстводан.
ТЖД тұрғындарға таулы жерлерге бармауға кеңес береді.