Алматы тауларында нөсер жауын жауып, жел соғады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ауа райының нашарлауына байланысты төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға демалыс күндері тауға шықпауға кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» таратқан ескерту негізінде Алматының төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға тауға шықпауға кеңес береді. 12-13 маусым күні таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауып, күн күркіреп, найзағай ойнап, дауыл тұрады», - делінген хабарладыруда.
Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
«112 дабылды ескерту хабарламасы мен бұқаралық ақпарат құралдары, теледидар, радио таратқан ақпараттарға құлақ түріп, сақтық шараларын сақтаңыз»,- деп атап өтті Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.