Алматы тауларында от жаққандарға айыппұл салынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Іле Алатау ұлттық паркінде  от жаққандарға 225 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлауынша, 9 қыркүйекте кешкі сағат 20:34 шамасында кезекші пультіне Медеу плотинасы тұсында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
Өрт сөндірушілерге тауды қиялай жаяу баруға тура келді. Белгілі болғандай, 27 жастағы Эдуард Толстов, 24 жастағы Береговой Дмитрий, 29 жастағы Надежда Юрченко, 22 жастағы Нейман Иван кешқұрым уақытта тау бөктерінде от жағуға кіріскен.

Тау ішінде өрт қауіпсіздігі ережесін бұзғаны үшін төртеуі де әкімшілік жазаға тартылып, 226 900 теңге (100 АЕК) көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, жастарға таулы және орманды жерлердегі өрт қауіпсіздігі  туралы ережелер егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Айта кету керек, Алматы тауларында 29 шілдеден бастап өрт қауіптілігінің жоғары деңгейде болды. Осыған байланысты Іле Алатауы паркі аймағына көліктердің кіруіне тыйым салынды.

Қалалық ТЖД мамандары таулы жерде шылым шегіп, от жақпауға кеңес береді.