Дәлірек айтқанда, Қазгидромет» РМК ұсынысы негізінде 29 сәуірде «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты аумағында (Талғар өткелі) демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Кіші Алматы өзенінің бассейнінде жару жұмыстары арқылы профилактикалық көшкін жүргізілді.
2 жырылыстың нәтижесінде 2 мың текше метр көлемінде қар көшкіні түсіріліп, көшкін жүру қаупі толықтай жойылды.
Профилактикалық көшкін жүргізуге Алматы ТЖД, «Қазселқорғау» ММ, «Қазгидромет» РМК, Медициналық апаттар орталығы, «Нартас» ЖШС және ҚР ІІМ ТЖК республикалық жедел-құтқару жасағының, «Шымбұлақ» ТШК құтқарушылары қатысты.