Алматы тауларында жасанды қар көшкіні жүргізілді

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Іле Алатауында қар көшкінін алдын ала түсіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды «Қазселденқорғау» ММ.

«Қар көшкінінің өздігінен түсуіне жол бермеу және ҮАК-Космостанция автожолында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және «Казгидромет» РМК-ның ұсынымы негізінде 1 наурызда «Қазселденқорғау» ММ Алматы қалалық пайдалану басқармасының мамандары «Нартас» ЖШС мамандандырылған ұйыммен бірлесіп №18 ГАИШ көшкін жинағышында профилактикалық қар көшкінін түсіруді жүргізді», - делінген хабарламада.
 

Түсірілген қар массасының нақты көлемі 8500 текше метрді құрады. Қар көшкіні ҮАК-Космостанцияның шегаралық бекетінен жоғары автожолды жауып қалды. Космостанцияның бульдозері тазалау жұмыстарын жүргізді.

Профилактикалық қар көшкінін түсіру кезінде ғимараттар мен құрылыстарға зиян келген жоқ. Зардап шеккендер жоқ.
 

Қар көшкінін алдын ала түсіру жұмыстарына «Қазселденқорғау» ММ,  «Нартас»ЖШС мамандары жұмылдырылды. Жұмыстар Алматы қаласы ТЖД, «Қазгидромет» РМК, «География институты» ЖШС, ҚР ІІМ ТЖК ӨЖҚЖ, ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ өкілдерінің бақылаумен және қадағалаумен жүргізілді.

Соңғы жаңалықтар