Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Іле Алатауында жоғалып кеткен 42 жастағы Әлия Қамиеваны іздеуге 30 адам шықты.
«Іздестіру-құтқару жұмыстарына дереу 30 адам мен жеті техника жіберілді. Оның ішінде, республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, 109-құтқару қызметі, еріктілер бар. Сонымен қатар, пилотсыз ұшу аппараттары тартылады», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінен.
Құтқарушылар екі топқа бөлінді. Біреуі - Алматы-Алагир асуына қарай, екінші топ Советтер шыңы жаққа қарай бет алды. Сонымен қатар, олар гидрология стансасының жоғары жағындағы орманды да қарап жатыр.