Бүгінгі таңда ТЖД деректері бойынша 81 рейд жүргізілді, 6 мыңнан астам жадынама таратылды, 120-ден астам от жағу тоқтатылды, жалпы 4 млн теңгеден астам сомаға 84 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазгидромет мәліметінше, Алматы тауларында жоғары өрт қаупі сақталып отыр.
«Қала тұрғындары мен қонақтарын тауға демалуға барған жағдайда тұтанған темекі қалдықтарын тастамауды сұраймыз. Сонымен қатар балаларды көліктердің ішіне аз уақытқа болса да қалдырмауға және күн сәулесiнiң әсерiнен сақтану үшiн серуенге шықпауға кеңес береміз»,- делінген хабарламада.
23:55, 15 Шілде 2023
Алматы тауларында жоғары өрт қаупі сақталып отыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Өрт қаупі жоғары маусым басталғалы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті полиция қызметкерлері және орман шаруашылығы мекемелерінің өкілдері таулы аймақта демалып жатқан қонақтарға ескертпе парақтар таратуда. Бүгінге дейін 120 рұқсат етілмеген жерде от жағудың алды алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.