«Жалпы Алматы қаласының аумағында 37 морена көлі бар, оның ішінде 15 көл қауіпті болып саналады. Олардың жағдайын жан-жақты бағалау мақсатында 11 мамыр күні «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің мамандары мен Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті аэровизуальдық тексеру жүргізді»,– деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Тексеру нәтижелері бойынша, барлық мұздық мореналдық көлдер әлі де қар астында жатыр. Сондықтан алматылықтар мен қаланың инфрақұрылымына қауіп жоқ.
«Ағымдағы жылы Қарғалы, Ақсай, Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің бассейндерінде орналасқан қауіпті 7 морена көлдерінде оларды қауіпсіз белгілерге дейін босату бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілетін болады. Оған республикалық бюжеттен 43 миллион теңге бөлінді»,– деп хабарлады ведомствадан.
Сел жағдайы бүгінгі күні тұрақты.