Бүгін Алматы қалалық Құтқару қызметінің мамандары ер адамды іздестіру жұмыстарын тоқтатты. Өзге туристердің сөзінше, ол аяғын зақымдап алып, өз бетінше қозғала алмаған.
«Апаттан құтқару тобы 7 қаңтар күні туристерден алынған ақпаратқа сүйене отырып, үш күн бойы іздеу жұмыстарын жүргізді. Оқиға орнына 5 адамнан тұратын жасақ жіберілді. Көкжайлау шатқалындағы тау жолдарының барлық болжалды маршруттары қаралды. 10 қаңтар күні іздеу жұмыстарын тоқтату туралы шешім қабылданды»,- деп хабарлайды Алматы қалалық Құтқару қызметінің баспасөз қызметінен.
Бұған дейін, Көкжайлау шатқалында белгісіз ер адам жоғалып кеткені туралы жазған болатынбыз.