ALMATY TECH GARDEN ең үздік 10 инноваторлық жобаны таңдап алды (ФОТО)
HACKDAY 2016 аясындағы жобалар Tech Garden акселерациялық бағдарламасына қатысады. Командалар жай ғана идеяны 24 сағат ішінде дайын жобаға айналдырды. Оған программистер, дизайнерлер, жобалаушылар, PR-мамандар қатысты.
Биыл Almaty Tech Garden корпоративті секторға баса мән берді. Қатысушылар 52 технологиялық тапсырманы орындады.
Оның ішінде қазылар алқасының шешімен «IO» компаниясына «HALVA Loyalty» компаниясының атынан 50 000 теңгенің бонустық картасы сыйға берілді.
«Казкоммерцбанк» АҚ «Favella Group» компаниясына «Купим вместе» жобасы үшін қолдау көрсететін болды.
«Пепятка» командасы «VK Face Detector» жобасы үшін 500 000 мың теңге мен «Казкоммерцбанк» АҚ қолдауына ие болды.
MOL, Code Executors, Favella Group, Samantha, Оңай Solutions, Yet another team, Grand Master, IO, Pepyatka, Smart Tank командаларының жобалары Almaty Tech Garden акселерациялық бағдарламасына қатысатын болды.
Almaty Tech Garden инновациялық технологиялар паркінің бас директоры Санжар Кеттебеков жеңімпаздардың «Қазақстандық стартап» аясында Almaty Tech Garden нің Кремний алаңындағы бағдарламасына да қатысатындығын айтты (АҚШ).
Сапар барысында жас новаторлар АҚШ-та 3 айлық тәжірибеден өтіп келеді.
«Қазақстандық стартап» бағдарламасы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен Индустриалды инноваиялық дамудың екінші 5-жылдығы аясында жүзеге асырылып отыр.
Idea Wave Labs Pte. Ltd. инвестхолдингінің өкілі Крис Джордж қазақстандық стартаперлердің жұмысын қолдап, Almaty Tech Gardenмен ынтымақтастықты нығайта түсетіндігін жеткізді.