ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше, қаңтардың 20-сы күні сағат 18.10-да автожолдың 776-шы шақырымында «Фольксваген» және «Хюндай» автокөліктері соқтығысып қалған.
Жол-көлік апаты салдарынан «Фольксвагеннің» жүргізушісі мен екінші көліктің үш жолаушысы, оның ішінде 2 жастағы сәби оқиға орнында көз жұмды. «Хюндайдың» жүргізушісі және екі көліктегі қалған 6 жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.