Алматы түбіндегі Іле полигонында «Дала қыраны-2010» бітімгершілік оқу-жаттығулары басталады
11:33, 16 Тамыз 2010
АЛМАТЫ. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы жанындағы Іле полигонында Қазақстан, АҚШ пен Ұлыбритания әскери қызметкерлерінің қатысуымен «Дала қыраны-2010» арнайы-тәсілді бітімгершілік оқулары басталады.
Салтанатты ашылу рәсіміне осы мемлекеттердің қарулы күштері басшылығының өкілдері қатысады, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Оқулардың мақсаты - ұжымдық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету, бітімгершілік операцияларын жүргізу барысында өзара іс-қимыл жасау мен үйлестіру мәселелерінің шешімін табу болып табылады.
Халықаралық оқу-жаттығулар он күнге созылады.