Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қоюшылардың қатарында «Үркер» медалінің иегерлері, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық, халықаралық олимпиадалардың, оқушылардың ғылыми жоба жарыстарының, түрлі конкурстардың жеңімпаздары мен қатысушылары бар.
Түлектердің бірі Азамат Күлешов Тәуелсіздік монументі - Қазақстанның символы екендігін айтады. «Бұл біздің тарихымыз және жастардың тарихи орыны. Біз бүгін осы жере гүл шоқтарын қойып жатқанымызды мақтан тұтамыз, өйткені осы жерден үлкен өмірге қадам басқалы отырмыз. Еліміздің алғашқы тәуелсіздік қадамдары дәл осы жерден басталған еді», дейді ол.
Ал кешке «Almaty Towers» кешенінде мектеп бітірушілердің «Жас түлек Алматы - 2010» фестивалі өтеді.
Мерекелік іс-шараға ҚР Білім және ғылым министрі Жансейт Түймебаев пен Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қатыспақ.
Фестиваль барысында түлектерге «Алтын белгі» мен қаланың жоғары оқу орындарында оқуға гранттар табысталады.