Екінші түнгі велошеру 22 шілде күні өтеді, сол күні 20:30-да әуесқойлар «Нұрлы Тау» бизнес орталығы маңында жиналып, бағалы сыйлықтар ойнатылатын лотереяға қатысуға мүмкіндік беретін нөмірлер алады. Ал 21:00-де велошеру қатысушылары Әл-Фараби мен Желтоқсан көшелерінің қиылысынан бастап, тұңғыш Президенті саябағына дейін жүретін болады. Жалпы велошабандоздар 9 шақырым қашықтықты бағындырады.
Мәреде қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылып, әдеттегідей, спортшылардың бірі басты сый, велосипедті ұтып алады.
Айта кетсек, осы велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2017-ші жылы жоспарланған 21 велошерудің он үшіншісі болмақ.
Еске сала кетейік, бірінші түнгі велошеруге 3 мыңға жуық алматылық қатысты. Велшеру күні жолдар жартылай жабылады.