Ол 14 қыркүйекте қала күні мерекесі аясында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті атындағы саябақта өтеді. Байқауға өтініштер 25 тамызға өтініштерді қабылданады. Оған халықарлық, ұлттық деңгейдегі байқаулар мен фестивальдерге қатысып, тәжірибе жинақтаған 18 бен 30-дың арасындағы жас эстрада әншілері шақырылып отыр. Олар ұйымдастырушыларға CD форматында жазылған ән немесе концерттік орындаудағы аудио, сонымен қатар орындалатын әннің мәтіні мен фотосын тапсыруы тиіс. Әншілер байқау шарты бойынша Алматы туралы бұрын жарияланбаған әндерді мемлекеттік, орыс және ағылшын тілінде жанды дауыспен айтуы тиіс. Байқау жеңімпаздары мен қатысушылар бағалы сыйлықтармен, құрмет дипломдарымен марапатталады. Бас жүлдеге автокөлік тігіліп отыр.
23:17, 13 Тамыз 2012
Алматы туралы ең үздік әнге байқау жарияланады
АЛМАТЫ. 13 тамыз. ҚазАқпарат - Алматы қаласының мәдениет басқармасы «Алматым - жүрегімде-2012» деп аталатын ең үздік әнге байқау жариялайды.