Алматы тұрғындары онкомамандардың қарауынан өтті (ФОТО)

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында 6-11 ші маусым аралығында Республика бойынша «Біз салауатты өмір салты үшін» ұранымен Денсаулық фестивалі өткені белгілі.

Осыған сəйкес, Алматы аймақтық онкологиялық диспансерінде қатерлі ісіктерді алдын алу және ерте анықтау үшін ашық есік күні ұйымдастырылды.
Алматы қаласының және Алматы облысының тұрғындары онкохирург, онкомаммолог, онкогинеколог дəрігерлерінің кеңесін алып, ультрадыбысты зерттеуден тегін өтті.
Нақтырақ айтқанда, 30 әйел онкогинеколог маманның қарауында болды. Оның ішінде 7 əйел қатерлі ісікке күдікті деп табылып, тереңдетілген зерттеуге жіберілді.
«Жалпы шара барысында онкохирургтың кеңесіне 19 тұрғын жүгінді. Оның ішінде 1 адам қатерлі ісікке күдікті деп анықталып, тереңдетілген зерттеуге жіберілді. Онкомаммологтың қабылдауында болған 39 əйелдің 1-іне қатерлі ісік диагнозы қойылып, қатерлі ісікке күдікті 10 əйелден пункция алынып, лабораториялық зерттеуге жолданды. Ультрадыбыстық зерттеуден 51 адам тегін өтті. Алғашқы кезеңінде анықталған ауруды емдеп жазуға мүмкіндік көп. Облыстық диспансер басшылығы осындай ашық есік күндерін тұрақты түрде өткізіп тұруды мақсат қойып отыр», - деді амбулаторлы емхана бөлімінің меңгерушісі Меруерт Мықтыбайқызы.