Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ведомство қызметкерлері ұсақ құқық бұзушылықтарға жол бермеу үшін жұмыс істеп жатыр.
«Қоқыс тастау, жол қозғалысы ережелерін бұзу және ұсақ құқық бұзушылықтар үшін жазаланбау азаматтардың ертеңгі күні аса ауыр әрекеттер немесе қылмыстар жасауына алғышарт болады», – дейді Алматы қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Диас Дуанбеков.
Полиция өкілінің айтуынша, қоғамдық орындарды ластау ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2 бабы бойынша жауапкершілікке тартылатылады.
«Құқық бұзушыға 5 АЕК (17 250 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Алматыда жыл басынан бері аталған әкімшілік бап бойынша 5370 құқық бұзушылық анықталып, айыппұлдың жалпы сомасы 91 миллион теңгеден асты»,- дейді ол.