Оның айтуынша, Алматыда қазір 23%-ды иммунды қабат қалыптасты. Халықтың 18%-ы вакцина алды, 5%-ы ауырып жазылғандар.
«Маусым айы басталғалы Алматыда коронавирус жұқпасының тарауы екі есе азайды. Соңғы тәулікте коронавирустың 112 жағдайы тіркелді. Наурыз айында – 9,5 мың жағдай, сәуірде 20 мыңға дейін жеткен. Қазір аурушаңдық деңгейі төмендеп, тұрақтанды. Бұл қалада коронавирусқа қарсы жүйелі түрде жүргізілген жұмыстың нәтижесі, оның ішінде халықты жаппай вакциналау бар», - деді Жандарбек Бекшин.
Сонымен қатар, ол халықтың 100 мыңына шаққанда ауру деңгейінің төмендеу қарқыны тұрақты екенін атап өтті.
«Соңғы 7 күнде 64,7-ден 39,8-ге дейін азайды, репродуктивті сан 0,79 деңгейінде тұрақтанды. Бұл «жасыл аймақ» параметрлеріне сай», - деді ол.