«Қызметтік міндетін жақсы атқарғаны үшін Алмалы аудандық Полиция басқармасының капитаны Сиязханов, Өтелов мырзаларға алғысымды білдіремін. Полицейлердің арасында өз қызметіне берілген, адал, тәртіп сақшысы деген атқа лайық қызметкерлер өте көп. Солардың бірі осы кісілер. Үйде қарт анам мен қарындасыма бұрын сотталған жігіт қол көтерген. Сөйтіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Жедел іздестіру шараларының арқасында инспекторлар Сиязханов пен Өтелов оны ұстап, жауапқа тартты», - делінген хабарламада.
Алматы тұрғыны тәртіп сақшыларына сәттілік тіледі.