АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жедел іздестіру шаралары барысында 39 жастағы С. есімді тұрғын есірткі сақтады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Күдікті Жетісу ауданында орналасқан базар маңынан қолға түсті.
«Тінту кезінде күдіктіден екі полиэтилен байламы табылды. Ақшыл түсті ұнтақ және түйіршіктер түріндегі ерекше иісі бар зат тәркіленді. Айтуынша, ол есірткіні белгісіз ер адамнан сатып алған. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат - героин болып шықты», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Аяғанов.
ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөліміне сәйкес қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.