Ә. Шәріпов көшесінің тұрғындары әкімдіктен көршілеріне қолайсыздық тудырған әйелге қатысты шара қолдануды өтінген.
Алмалы ауданы әкімдігінің өкілдері ветеринарлық -санитарлық қызметпен бірге аталған мекенжайға барды. Мамандар мысықтарды аулап, пәтерді тұрмыстық қалдықтардан тазартты.
Қалалық Полиция департаменті мәлім еткендей, алматылық әйел мысықтарды асырау және серуендету ережелерін бұзғаны үшін ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 408- бабы бойынша жауапқа тартылды.
Заңда бұл бап бойынша құқықбұзушыға ескерту немесе үш айлық есептік көрсеткіш (8 751 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.