Алматылық Facebook парақшасында Бекмаханов көшесі бойындағы зират аумағы қоқысқа толып жатқанын айтып, оны тазартуды сұрады.
«Алматы мамандандырылған жерлеу қызмет көрсету комбинаты» ЖШС Түрксіб ауданында орналасқан «ҚазСельхозТехника» (зират) кірме жолдары қоқыстан үнемі тазартылатынын жеткізді.
Зират аумағын кезекті тазалау 2022 жылдың сәуір айының соңында жүргізіледі.
«Зираттарды жобалауға және күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» туралы санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес, зираттың жан-жағын мәйітті жерлеуді жүзеге асырған азаматтар мен ұйымдар тазалау керек. Сонымен қатар, жөндеу жұмыстарын да өз есебінен жүргізуі керек. Серіктестік жалпы пайдалану аумағында ғана зираттарды тазартады, қоқыстарды шығарады және апатты ағаштарды кеседі», - деп жауап берді мамандандырылған комбинаттан.