Биыл жетінші мәрте ұйымдастырылатын жарыстың уақыты30 – 31 тамыз күндеріне белгіленіп отыр. Бұған дейін қыркүйек және қазанайларында өткізіліп келген болатын.
«Алматы турының» негізгі бағыт-бағдары сақталады. Дегенмен,кейбір жолына өзгерістер енгізілмек. Бұл жолы оның біршама бөлігі асфальттыжерді құраса, қалғаны таулы аймақта өтеді. Яғни, велошабандоздар «Медеуге» апаратынжолды бағындырып көреді.
«Ал енді жарыстың өту мерзіміне келсек, биылыңғайлы уақытты алып отырмыз. Себебі, бұл жарыс басталғалы бері күздің қарасуығында өтіп келді. Кейіннен кыркүйекке ауыстырылды. Халықаралықвелошабандоздар қауымдастығы (UCI) жарыстыөткізуге қолайсыз уақытты беріп келді. Ол кезде көп жағдайда шабандоздардыңбарлығы Әлем чемпионатына кетіп қалатын. Биыл енді тамыз айында өтетіндіктендодаға мықты шабандоздар келеді деген сөз», - дейді ұйымдастырушылар.
«UCI «Алматы турына» көпшіліктің көңілі түсіп,тіпті қала әкімдігінің осы жарысқа көп назар бөлетінін байқап отыр. Ал біз өзкезегімізде жарысқа танымал шабандоздарды шақырып, доданың абыройын арттыра беруүшін қызмет ете бермекпіз», - деді Қазақстан велоспорт федерациясыныңвице-президенті Аманбек Кульчиков.
Сонымен қатар, оның айтуынша, алғашқы күні жарыс қаланың негізгі даңғылдарындажәне көшелерінде өтеді.
Алғашқы кезеңі «Индустриалды парктен» басталып, «Алматы Арена» жанында мәрегежетеді. Жалпы ұзақтығы - 118 шақырым.
Екінші күні шбандоздар қайтадан әл-Фараби даңғылына оралады. Онда оларШығыс айналма жолы арқылы 4,5 айналым жүреді де, «Медеу» мұз айдынына қарайбеттейді. Екінші жарыс күнінің ұзақтығы 160 шақырымды құрамақ.
UCI тәртібіне сейкес бұл жарысқа кәсіпқой,жартылай кәсіпқой, ұлттық құрамалар әрі конти командалар қатысаалады. Еліміздің кәсіпқой командасы Astana Pro Team да қатысудыжоспарлауда. 2019 жылғы сайыста барлығы 21 команда бақ сынайтыны күтілуде.
Негізгі көрсетілімді «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарыжүргізеді. Ал жарыстың екінші күнінде 60 миллионға жуық көрермені бар «Еуроспорт»арнасы қосылатын болады.
Ұйымдастырушылар - Алматықаласы әкімдігі, Қазақстан велосипед спорты федерациясы, Велоспортты қолдаужәне дамыту қоры.