Оған соңғы элиталық кезеңді өткізгенінен кейін Алматының мүмкіндіктерін батыс еуропалық мамандардың жоғары бағалауы себеп болып отыр.
Айта кетейік, шағын футболдан УЕФА кубогы үшін жарыстың жартылай финалында Алматының «Қайрат» клыбымен бірге Португалияның «Спортинг», Италияның «Монтесильвано» және УЕФА Кубогінің қазіргі иегері «Бенфика» командасы ойнайды.
Алматыдан басқа, ақтық ойынды өткізуге Лиссабон және Италияның Монтесильвано қалашығы да өтініш берген. Алматылық клуб басшыларының пікірінше, былтырғы финал Лиссабонда өткендіктен, 2 жыл қатарынан бір қалада өтпеуі мүмкін. Ал 50 мың тұрғыны бар Монтесильвано қалашығына ақтық ойын өткізу сай емес. Осы орайда Алматының мүмкіндігі жоғары болып отыр.
Сонымен, ақтық ойын өтетін қала 2011 жылғы 11 қаңтарда белгілі болады. Ал "төртеудің сайысы" сәуір айында өтеді.