Жаңа жүйе «Ветеринария орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында тестілік режімде іске қосылды.
321-00-02 телефон нөміріндегі диспетчерлік қызметке қала тұрғындары қаңғыбас иттерді аулау немесе қайтару, ветеринарлық анықтама алу мәселелері бойынша хабарласа алады.
Қоңырау тегін. Қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, қаңғыбас иттерді аулау бойынша бұрынғы 385-53-05 нөмірі жұмыс жасамайды.