«Алматы-Ыстамбұл» әуе рейсінің жолаушысы ірі көлемдегі контрабандалық валютамен ұсталды

АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат - «Алматы» шекаралық бақылау бөлімінің шекарашылары «Алматы-Ыстамбұл» әуе рейсінің жолаушысын ірі көлемдегі контрабандалық валютамен ұстады.

Бұл ақпаратты ҚР ҰҚК Шекара қызметінен хабарлады.

Ведомствоның атап өтуінше, жолаушылардың жеке заттарын тексеру барысныда Қазақстан азаматынан декларацияланбаған 215 мың 570 АҚШ доллары табылған. Аталған іс бойынша тергеу алды амалдары жүргізілуде.