«Нөсер жауынның болу мүмкіндігіне байланысты, 2016 жылдың 17-18-ші мамыры аралығында Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының өзендерінде су тасқыны, ал таулы аумақтарда сел жүруі мүмкін. Сондықтан, жолдарда және тау бөктерлерінде абай болыңыздар!», - делінген хабарламада.
Айта кетелік, Алматы қаласының ТЖД бұл ескертуді «Қазгидромет» мемлекеттік кәсіпорнының бүгінгі жасаған дауылдық ескертуі негізінде жасады.