деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қала әкімі барлық 7 ауданда болып, үлкен көшелер мен алаңдардың, ғимараттардың, сауда орындарының жаңа жылдық безендірілуін қарады. Қазіргі таңда қала бойынша 17 жаңа жылдық шырша орнатылған. Қаланың безендірілуі «Алматыжарнама» МКК және «Алматықала безендіру» АҚ-ның ұсынысына сәйкес жүргізіледі. Қазіргі кезде барлық аудандарда безендірілу жұмыстары қызу жүргізілуде. Бұл жүргізіліп жатқан жұмыстар 1 желтоқсанға дейін бітуі тиіс. Одан әрі «Ең үздік жаңа жылдық безендірілу» конкурсы өткізіліп, ең үздік безендірілген ғимарат, сауда орындары анықталады. Оларға бағалы сыйлықтар тапсыру көзделген. Ал оған дейін 1 желтоқсан күні Астана алаңында дәстүрлі жаңа жылдық шыршаны жағу рәсімі өткізіледі.