Синоптиктердің мәлімдеуінше, Қазақстанға Баренц теңізінен суық әрі ылғалды ауа ағыны соғады. Өткінші ыстықтан кейін солтүстік аймақтардан бастап ауа температурасы төмендейді, суық ауа ағыны шығыс және оңтүстік аймақтарға жетеді.
«27 мамырда кешке нөсерлі жауын-шашынға байланысты Алматы облысы және Алматы қаласы өзендерінде су тасқыны мен беткейлік ағындар болуы ықтимал», - делінген Қазгидрометтің хабарландыруында.
Синоптиктер нөсерлі жауын-шашындар 3 маусымға дейін жалғасады деп болжайды.