30 мамырда Ақмола, СҚО, Қарағанды, күндіз Павлодар облысында жауын жауады, кей жерлерде нөсерлетуі ықтимал. Күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Оңтүстік батыстан 10-20 м/с жел соғады, екпіні 23-28 м/с. Ауа тепературасы 10-18 градусқа төмендейді. 31 мамырда түнде кей жерлерде 3 градусқа дейін суытады деп күтілуде.
31 мамырда ШҚО-да түнде 2 градусқа дейін суытып, күндіз 15-20 градус жылы болады деп күтілуде.
Түнде 30 мамырда Ақтөбе, Қостанай облыстарына жер-жерлерде 3 градусқа дейін суытуы мүмкін.
Астанада 30 мамырда 15-20 м/с жел соғады. Күндіз жауын жауады.