Метеостанцияның дерегі бойынша, Қазақстанның көптеген таулы аймақтарында қар жамылғысы еріді, алайда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы биік таулы аумағында қар көшкіні болуы мүмкін.
Қар жамылғысы туралы ақпарат Іле Алатауының биік таулы станцияларынан ғана келіп түсуде. «Қар жамылғысының биіктігіне байланысты (80-170 см) Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аудандарында 3-31 мамыр аралығында қар көшкіні қаупі бар», - делінген хабарламада.
Осы аралықта биік таулы аумақтарда спорттық және мәдени-бұқаралық шаралар өткізуге тыйым салынады.