Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аудандарында қар көшкіні болуы ықтимал

АЛМАТЫ. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - 3-6 ақпан аралығында Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аудандарында қардың  қалың жаууына және мөлшерден асатын қар қабатының қалыңдығына байланысты қар көшкіні болуы ықтимал.

 Бұл туралы «Алматы гидрометеорологиялық бақылау орталығы» мемлекеттік кәсіпорны хабарлады. 

 Аталмыш себептерге байланысты орталық қар көшкінін туғызбау мақсатында  туристер мен қала тұрғындарына тау етегіне шықпауға кеңес беріп, «Таулы аудандарда абай болыңыздар»,  - деп  ескертеді.