Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында өзен суының деңгейі көтерілуі ықтимал
17:32, 16 Қазан 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қазгидрометке сілтеме жасап.
«17-19 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында және Алматы қаласына іргелес аумақта жауын-шашын түседі деп болжануына байланысты таулы жерлердегі өзендерде су деңгейінің көтерілуі ықтимал» делінген хабарламада.