Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.
Атап айтқанда, Алматы облысында боранға байланысты сағат 10.30-дан бастап «Үшарал-Достық» автожолының 0-184 шақырымында барлық автокөліктер үшін жол жабылды.
Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысы бойынша сағат 10.00-ден бері «Өскемен-Зырян-Рахман бұлақтары» жолының 6-166 шақырымындағы «Ушанов ауылы-Зырян қаласы» аралығында көлік қозғалысы шектелді.
Сонымен қатар сағат 10.30-дан бастап «Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы» жолының 54-123 шақырымындағы «Первомайка ауылы-РФ шекарасы» учаскесінде барлық көліктер үшін жолға шығуға тыйым салынды.