Бұл туралы ҚазАқпарат «QazAvtoJol» компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл іс-шара республикалық маңызы бар автожолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және рұқсат етілген қозғалыс жылдамдығын асырмау үшін ұйымдастырылуда.
Қазіргі таңда Алматы облысы бойынша 5 макет, ал Жамбыл облысында 4 макет жол жиегіне қойылған. Алдағы уақытта мұндай макеттерді еліміздегі барлық республикалық маңызы бар автожолдардың бойында орнату жоспарланған.