Алматыда аймақаралық ынтымақтастықты дамыту бағдарламасы аясында «Астана» алаңында бүгін азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде.
Жамбыл облысы тауар өндірушілері алматылықтарға салмағы 216 тонна, құны 171 млн теңгенің азық-түлік өнімдерін 15-20 пайыз арзан бағамен ұсынды. Оның ішінде, 37 тонна жылқы, қой, сиыр, құс еті, 21 тоннадан астам сүт өнімдері 5 мың жұмыртқа, 2 тонна кептірілген жемістер, 104 тонна көкөніс, тағы басқалары.