2016 жылдың басынан бері Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының 10 кеңейтілген жәрмеңкесі өтті. Аймақтар жалпы құны 1,2 миллиард теңге болатын ет, жеміс-жидек, көкөніс, сүт өнімдерін жеткізді. Ондағы азық-түлік бағасы орташа нарық бағасынан 15-20% арзан болғанын атап өткен жөн. Одан бөлек, аймақаралық кооперация аясында 2016 жылдың басынан бері Алматы қаласы 8 облыспен (ШҚО, БҚО, ОҚО, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл облыстары) 10 кездесу өткізді. Кездесулердің нәтижесінде Қазақстан облыстарының 30-дан астам тауар өндірушілері Алматының 6 сауда желісімен (Small, Carrefour, Магнум, Galmart, Метро, Беккер и К) келісімге қол қойды. Бұл кездесулер импортты алмастыруға, өнімді тікелей жеткізу арқылы азық-түлік тауарларының бағасын төмендетуге мүмкіндік берді.
16:55, 26 Қараша 2016
Алматы жәрмеңкесіне аймақтар 1,2 млрд. теңгенің өнімдерін әкелді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қазақстан аймақтарынан келген отандық ауылшаруашылық тауарын өндірушілердің кеңейтілген жәрмеңке науқаны аяқталды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.